Үйдің көркі – ауладан басталады

17.06.2017

Қалалық пәтерге қарағанда, жеке үйді ретке келтіру әлдеқайда қиынырақ. Бұл үйдің өз ауласының болуымен байланысты. Өйткені, қала сыртындағы саяжайда немесе жер үйде біз уақытымыздың көп бөлігін аулада өткіземіз.


Сол секілді сервистік қызмет директоры Рауан Жангалиев пен оның командасының алдында үлкен міндет тұр: инженерлік жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, үй жанындағы ауланы көріктендіру.

Десе де сервистік қызмет ауланы көгалдандыру бойынша жұмыстарын бастап кетті. Мәселен, BI Town, Deluxe Town, Family Town Орынбор, Family Town Қабанбай тұрғын үй кешендеріне мамыргүл, барбарис, алма, қарақат ағаштары отырғызылды, ал Арнау-1,2-де үйдің жалпы интерьеріне көрік беретін шыршалар отырғызылды.

BI Village Comfort-1,2,3 коттедж қалашықтарында осы жылы отырғызылған раушан түптері гүлдеуде.  

Кез-келген тұрғын өз үй ауласының әдемі болғанын қалайды. Үйдегі пәтер бағасына да әсер етпей қоймайды. Пәтердің жөндеуі тамаша бола тұра, үй ауласы нашар болса, пәтер бағасының қымбат болуы екіталай. Өйткені қазір сатып алушылар үйдің жоспарлауына ғана емес, оның қандай объектілердің жанында орналасқанына, сервистік қызметке және үй ауласына аса мән береді.

 


Возврат к списку