Здесь строится счастье!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


Санкт-Петербург:

+7 (812) 650-0-650

Построено
3 миллиона квадратных метра

Сіздерге мың тағзым, ардақты ардагерлер!

09.05.2017

Игі дәстүрге сүйене отырып, BI Group компаниясының қызметкерлері ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, еңбек батырларын және Ауған соғысының ардагерлерін рухы биік Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ақ баталарын алды. 
Компания өкілдері бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өмір үшін ардагерлерге алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын тарту етті. Баян аспабымен әскери әндердің попуриын орындағанда, ата-әжелеріміздің көз алдына жас келді. 
Соғыс басталғанда Ғабдолла Омаров небәрі 12 жаста болатын. 76 жыл өтсе де сол бір сұрапыл жылдар батыр атамыздың көз алдынан әлі кетер емес. - Жүз жасаңдар, бір-бірлеріңе бауырмал болыңдар, соғыс болмасын, - деп тілейді Ғабдолла ата. “Променад Экспо» тұрғын үй кешенінің А блогы подъездінің алдында «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрсынбай Момынкулов тұрады» деген әдемі тақтайша ілініп тұр. Жастық шағын соғыс оты шарпып, бұдан соң еліміздің дамуы үшін қызмет атқарған батыр атамызға компания өкілдері барлық жақсылықты тіледі. 

Евдокия Тишкова 1924 жылы дүниеге келген. Ерен еңбегі үшін медальдармен марапатталған. Бүгінде батыр анамыздың 4 баласы, 7 немересі, 8 шөбересі бар. Дәл осы 9 мамыр күні барлығы бір дастархан басына жиналып, оның жақсы көретін соғыс жылдарындағы әндерді бірге қосылып шырқайды.  

Күнжан Бидасова соғыс басталғанда кішкентай бала болатын. Қазір батыр анамыз жеті немеренің аяулы әжесі! Ең кішкентай немересі Әлия үш жасқа толды, соғыс жылдарындағы әжесінің тынымсыз еңбегінің арқасында, бүгін бейбіт заманда өмір сүруде.

Соғыс басталғанда Ислам Мұхамедқалиев небәрі 7 жаста болатын:

- Соғыс кезінде барлығы тынымсыз еңбек етті. Бақташы да болдым, егінді де жинадым. Мектепке 5 шақырым жаяу баратынбыз. Бүгінгі жас ұрпақ, лайым, соғыс көрмесін!

Біздер – соғыстың ызғарын сезбеген кейінгі ұрпақ үшін бабалармыздың Отан үшін кеудесін оққа төсеген ерліктері мәңгілік өнеге, рухтарының алдында басымызды ие бермекпіз.






Возврат к списку