Promenade EXPO-B1 блогында ашық есік күні өтті

13.05.2017

Пәтер сатып алу – әр адам үшін маңызды оқиға. Сондықтан үй құрылысының қалай жүріп жатқанын бақылап, өз көзімен көру – олар үшін маңызды әрі қызықты. Осыны ескеріп BI Group үй құрылысының бастапқы және соңғы сатысында клиенттері үшін ашық есік күнін өткізеді. Оның үстіне, ашық есік күнінде болашақ пәтер иелері пәтерлерін қайта жоспарлауға өтініш білдіре алады. 

Міне, осындай ашық есік күні Promenade Expo тұрғын үй кешенінің B-1 блогында өтті. Компания қызметкерлері тұрғындарға бұл үйдің ерекшеліктері мен үйдің жобасын қалай өзгертуге болатындығын түсіндіріп, олардың мазалаған барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.


Өз пәтерлерінің құрылысын бақылаған тұрғындар да өз пікірлерімен бөлісті, солардың бірі жас отбасы – Аман және Айнұр Шегербаевтар:
«Кішкентай қызымыз осы үйден бірер қадам жердегі «Дарын» мектебіне оқуға түскен болатын, үйді таңдауымыздың бірден бір себебі де осы шығар. Оның үстіне туыстарымыз жақын жердегі «Арнау» тұрғын үй кешенінде тұрады. Барлығы жанымызда. Енді пәтеріміздің кілтін тағатсыздана күтеміз!»
Иә, барлық болашақ тұрғындар да бұл қуанышты сәтті күтуде. Учаске басшысы Әсет Жексембаетың айтуыша құрылыстың аяқталуы 2017 жылдың 31-қазанына жоспарланған, ал құрылыс өткен жылдың 31-қыркүйегінде басталған болатын. 


Promenade Expo тұрғын үй кешені – қаланың ең заманауи үйлерінің бірі. Ол Астананың сол жақ жағалауында, Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдары бойында және ЕХРО-2017 аумағында орналасқан. Аудан кез келген жастағы астаналықтардың: ересек жастағы адамдардың, сондай-ақ жасөспірімдердің, балалары бар ата-аналардың және әлеуметтік белсенді қала тұрғындарының тұруы үшін қолайлы әрі жайлы ауданға жатады.
Компания клиенттері ашық есік күнінен тамаша әсер алды, солардың арасында еліміздің қоғам қайраткері Сәдібек Түгел ағамыз да бар, бүгінгі ашық есік күніне жанұясымен келіпті.


«Біз Promenade Expo тұрғын үй кешенінен 3-бөлмелі пәтер сатып алдық. Неге BI Group? Сенімді компания. Пәтерімізді көріп шықтық, барлығы көңілімізден шықты. Болашақ үйіміздің орналасқан жері де ұнайды, барлығы жанында мектеп, саябақтар, ЭКСПО. Немерелерім қуанатын болды».
Promenade Expo ТҮК-нің орналасу артықшылықтарының бірі - оның серуендеу мен демалу үшін мінсіз орындар – Ботаникалық саябақ пен Желілік паркпен көршілес болуы. Дамыған қалаларда саябақтардың жанында орналасқан пәтерлер сирек кездеседі, сондықтан да кешен аумағының маңындағы жасыл көшеттер – бұл үйдің болашақ тұрғындары үшін сөзсіз ұтымды жағдай.
Клиенттеріміздің арасында елордамыздың ескі орталығынан жаңа орталыққа көшіп келіп жатқан тұрғындар баршылық, солардың бірі Жексенәлі Өмірбаев пен Арайлым Нұрахметова:


«Бізде BI Group-тан пәтеріміз бар, «Солнечный» тұрғын үй кешені, үй ескі болғанымен сервистік қызметі жақсы жұмыс жасайды. Енді компанияның жоғары класты жаңа үйінде тұрғымыз келеді, ал құрылыстың нәтижесіне ризамыз»
Әзірге бұл алғашқы ашық есік күні, құрылыс бастапқы сатыда. Сондықтан қайта жоспарлау бойынша өтініш жасауға болады. Компания өз тұрғындары үшін әрдайым ашық, біз өз клиенттерімізден ештеңені жасырмаймыз!




Возврат к списку