"Нұра-Есіл" тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті

10.09.2017

Nura Esil тұрғын үй кешенінің жоба жетекшісі Арман Қабылқас бұл кешенде пәтер иелерінің өзі тұрса екен деп армандайды. Тұрғызылып жатқан объектіні қарап және онда қолданылып жатқан жаңалықтар туралы біліп, оны жалға беруге қимайсың.

Объектіде құрылысшылар 2 ауысыммен жұмыс жасағандықтан, үй жоспарланған уақытында тапсырылады – 2018 жылдың тамызы. Бұл үй орналасқан аумақта BI Group компаниясының тұрғызған үйлері орналасқан – бұл «Қамал», «Арнау», Самұрық-Қазынамен бірлескен мега-жоба Nova City. Дегенмен Nura Esil-ді олардан айрықша етіп тұратын, оның өзіндік ерекшеліктері бар.


Біріншіден, үй ауыспалы қабатты. Оның жанында BI Village Comfort 2 коттеджді қалашығы орналасқандықтан, кешен 4-қабатты үйлерден 9-қабатты үйлерге ұласады. 

Екіншіден, кешен комфорт-санатты, бірақ төбенің биіктігі бизнес-санаттағы секілді – 3 метр.

Үшіншіден, кешен төзімді және экологиялық таза кірпіштен қалануда.

Үйдің артықшылықтары көп. Мысалы, терезе ойығының биіктігі – 2 метр, тиісінше үйде жылуды сақтау үшін энергия үнемдейтін шынылар қолданылады.

Айтпақшы, фасад, кіреберіс, пәтер әрлеуінде қолданылатын материалдарды объекті аумағында орналасқан шоу-румнан көруге болады.


Шымболатов Алмас пен Ізтілеуова Асима, болашақ пәтер иелері:

-           Бұл біздің бірінші пәтеріміз. Неге Nura Esil? Бізге әсіресе, үйдің орналасқан жері, қаламыздың тыныш жерінде орналасқаны ұнады. Алдағы уақытта Тәуелсіздік көшесі осы жермен өтеді деп күтілуде, ол бізге Оң жағалауға еш кедергісіз тез жетуге мүмкіндік береді.




Возврат к списку