Қарсы ал, Атырау!

17.08.2017

Кеше, сәрсенбінің сәтті күнінде, Қазақстанның мұнайлы астанасы – Атырау қаласында, BI Group компаниясының төртінші сату бөлімі тұрғындарға салтанатты түрде өз есігін ашты. Екі бөлімі Елордамыз – Астанада жұмыс жасаса, ал біреуі Алматы қаласында қызмет көрсетеді.

Салтанатты ашылу шарасына компанияның тұрақты клиенттерінен басқа, компания жайында, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін кеңес алуға келген адамдар да болды. Директорлар кеңесінің мүшесі Асхат Омаров атыраулықтарды жаңа сату бөлімінің ашылуымен құттықтап, қызыл лентаны қиып, салтанатты шараны ашты.

421A1950.jpg

Атыраудағы сату бөлімінін ашылуынын басты  себебі: жүргізілген талдау, жалпы нарықтағы еліміздің ірі қалалары – Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүлікті тек қала тұрғындары ғана емес, өзге өңірлердің де тұрғындары сатып алатынын көрсетті.

BI Group-тың 30 пайызға жуық клиенті, Батыс Қазақстанның тұрғындары Елордадан баспана сатып алған.

«Клиенттеріміздің қолайлылығы үшін, біз Атыраудан сату бөлімінің нүктесін аштық. Бұл жерде клиенттер, біздің Алматы мен Астана қалаларындағы барлық жобаларымыз жайында толық ақпарат ала алады. Атырау қаласында да баспаналар тұрғызу ойымызда барын айтып өткенім жөн. Қазіргі таңда, қаланың орталық бөлігінен учаскелік жер телімдерін сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ағымдағы жылы біз барлығын белсінді түрде жоспарлап, келесі жылы жүзеге асыра бастаймыз. Барлық пәтер алғысы келген адамдарды сату бөлімінде күтеміз. Біздің қызметкерлер барлық қажеттіліктерді ескере отырып, баспана таңдауға көмектеседі. Қош келдіңіздер!» - деп, сату департаментінің директоры Әсел Жүнісова перспективті жобалармен бөлісті.

421A1924.jpg

Таныстырылым мерекелік бәліш пен тәтті шәймен жалғасын тапты.

Ләззат Қуанышева, клиент: «Менің жұмысым осы саламен тығыз байланысты болғандықтан, жылжымайтын мүлікке қатысты нәрсенің барлығы, мені әрдайым қызықтырады. Бұрын, Алматы мен Астанаға барғанда, неге бізде бас қалаларымыздағыдай осындай тамаша үйлер жоқ деген сұрақты өзіме жиі қоятынмын. Бірақ, армандар орындалады! BI Group компаниясы біздің қаламызда үйлер тұрғызатынына өте қуаныштымын! Жуық арада осында пәтер алуды ойластырып та қойдым . BI Group-қа қарқынды өркендеу мен толағай табыстар тілеймін» - деп, өз әсерімен бөлісті.

421A1999.jpg

Сату бөлімі Сәтпаева 23 Б (4 қабат) көшесінде орналасты, бөлімнің өз клиенттеріне әрқашан есігі айқара ашық.

BI Group – Қазақстанның құрылыс саласының үздігі. Әлемдік құрылыс компанияларының ENR TOP 250 рейтингінде BI Group 185 орында.

Компанияның 85 жобасында 7 мың білікті маман еңбек етеді.

BI Group 22 жыл ішінде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй, 1500 км автожол мен коммерциалық жылжымайтын мүлік тұрғызса, компания айналымы 2016 жылы 920 миллион долларды құрады.

421A1819.jpg


Возврат к списку