ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

ЖАДЫНАМА

 

Құрметті тендерге қатысушылар!

Сіздерді BI Group Development Холдингінде мердігерлік ұйымды (жабдықтаушыны) таңдау бойынша тендерді өткізу бойынша ережелермен танысуды сұраймыз:

1. SMS жіберілім және/немесе телефон қоңыраулары және электрондық поштаға ескерту түріндегі тендерге қатысу үшін шақыру BI Group Development «Жеткізушілер деректер қорында» тіркелген тендерге қатысушылар, сондай-ақ Дивизиондардың деректер қорларында тіркелген басқа компаниялар алады. Сонымен қатар тендерге қатысу үшін шақыруды алған және қабылдаған тіркелмеген компаниялар BI Group Development «Жабдықтаушылар деректер қорында» тендерді өткізу күніне дейін тіркелуі тиіс. «Жабдықтаушылар деректер қорындағы» тіркеу нысаны BI Group Development сайтында http://bi-group.kz/reg сілтемесі бойынша «Сатып алулар» қосымша парағында толтырылады. Егер Қатысушы тіркелмесе, ол жаңа өткізілетін тендерлерге  шақырылмайды. 

2. Тендер екі кезеңнен тұрады:

· Квалификациялық іріктеу кезеңінде BI Group Development Дивизиондары (бұдан әрі - Дивизиондар) Қатысушылармен берілген құжаттардың толықтылығын және жұмыстар/қызметтердің көлемі есебінің дұрыстығын, сонымен қатар Қатысушылардың BI Group Development Холдингінің Бірыңғай сатып алуларға алақол қатысушыларының тізілімінде жоқтығын тексереді. Аталған тізілімге Холдинг компанияларының алдында келісім-шарттық міндеттерді тиісті түрде орындамау деректеріне ие компаниялар енгізіледі. Тендерлік комиссиясының хатшысы тендерді өткізу уақытынан кемінде 1 сағат бұрын Қатысушыларды аталған тізілімінде қайта тексеруге міндетті. Сонымен қатар Қатысушыларда салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша қарыз болмауы тиіс.   

·  Квалификациялық іріктеу нәтижелері бойынша Дивизиондар Қатысушылардың қайсысы тендер және сауда-саттық кезеңіне өтетіні жөнінде шешім қабылдайды. Бірінші кезеңнен өтпеген Қатысушылар тендерге қатысуға өткізілмейді. Квалификациялық іріктеуден өткен Қатысушылар Тендерлік комиссиясының хатшысымен тендердің басталу уақытынан 24 сағат бұрын тендердің уақыты мен өткізу орны жөнінде хабарландырылады. Ескерту (шақыру) тіркелген жабдықтаушыларға 1С деректер қорынан автоматты жіберілім арқылы мекенжайлық шақыруларды жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

3. Квалификациялық іріктеуде қатысу үшін Қатысушыға келесі құжаттар пакеті ұсынылады:

·  Тендерге техникалық тапсырма/Материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін өтінім;

·  Жобалық құжаттама (қажетті жағдайда);

· Тендерге қатысушысының жадынамасы;

·  Тендерге қатысу үшін өкілдің атына берілген сенімхат нысаны;

4. Жарияланған тендердің квалификациялық іріктеуінде тіркелу үшін Қатысушы тендерден 5 жұмыс күндері бұрын келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

·       Заңды тұлға: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасының/куәлігінің, Жарғының, бірінші жетекшіні тағайындау жөнінде хаттаманың/шешімнің, банктен есеп айырысу шоты жөнінде анықтаманың, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою жөнінде куәліктің, бірінші жетекшінің жеке куәлігінің көшірмелері;

Жеке кәсіпкер: жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке куәліктің, есеп айырысу шоты жөнінде анықтаманың, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою жөнінде куәліктің көшірмелері;

· Нысан бойынша Қатысушының өкіліне сенімхат, өкілдің байланыс деректері: қалалық және ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, заңды және нақты мекенжайлары.

· Техникалық тапсырманың шарттарына сәйкес дайындалған коммерциялық ұсыныс;

·  BI Group Development және басқа құрылыс компаниялардың, соның ішінде басқа аумақтарда, нысандарында бұрын орындалған жұмыстардың сапасы жөнінде пікірлер;

· Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы жөнінде анықтама. Құжаттар қағаз және электрондық түрде қабылданады. 

5. Тендерге қатысу жөнінде шешімді қабылдау және коммерциялық ұсынысты дайындау кезінде Қатысушы келесі шарттарды назарға алуы тиіс:

· Қатысушыға орындалған және қабылданған жұмыстар/тауарлар үшін төленетін сомадан 3% мөлшерінде бас мердігерлік және 3% мөлшерінде кепілдік төлемдер шегеріледі.

a)  Бас мердігерлік төлемдер Тапсырыс берушінің құрылыс үдерісін қамтамасыздандыру бойынша шығындарын өтеу үшін шегеріледі, соның ішінде, бірақ шектелмей: нысанды күзету, коммуналдық қызметтерді төлеу, қоқыс шығару және т.б. 

b)  Кепілдік төлемдер Қатысушының орындалған жұмыстары/жеткізілген тауарлары үшін кепілдік мерзімінің ұзақтығына шегеріледі. Кепілдік мерзімі салынған нысанды  мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне сәйкес пайдалануға тапсыру уақытынан бастап 3 жыл құрайды;

· Қатысушы жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға міндетті. Қауіпсіздік техникасын бұзу жағдайында Қатысушыға қатысты Келісім-шарт бойынша айыппұлдық ықпалшаралар қолданылады;

·  Қатысушы бірыңғай үлгілі жұмыс нысанын қолдануға міндетті немесе жұмыс нысаны Тапсырыс берушімен бағасын орындалған жұмыстар көлемінен ұстаумен берілуі мүмкін.

· Қатысушы жұмыстарды орындау үшін қажетті саймандардың, жабдықтың және шығын материалдардың бар болуын қамтамасыздандыруы тиіс. Егер аталғанның барлығы Тапсырыс берушімен ұсынылған болса, олардың бағасы орындалған жұмыстар көлемінен ұсталынады;

· Желілер құрылысымен айналысатын Қатысушы олардың коммуналдық қызметтермен қабылдануын және мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне сәйкес пайдалануға тапсырылуын қамтамасыздандыруға міндетті. Егер де Қатысушы сыртқы магистралдық желілерді орнатумен айналысатын болса, Қатысушы олардың сәйкес коммуналдық қызметтермен теңгерімге орнатылуын қамтамасыздандыруға міндетті;

· СЭА орналасқан нысандарға қатысты барлық материалдар, тауарлар және жабдық 0% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесімен, ал жұмыстар 12% ҚҚС мөлшерлемесімен қабылданады.

· Егер Тендерлік комиссия Қатысушылардың материалдарды, жұмыстарды немесе қызметтерді жоғары бағамен сату жөнінде құпия келісімін көрсететін картельдік келісімді анықтаса, тендер жарамсыз деп табылады, ал мұндай келісімнің тараптары BI Group Development Холдингінің Бірыңғай сатып алуларға алақол қатысушыларының тізіліміне Холдингтің Коммерциялық бөлімімен енгізіледі. 

· Егер Келісім-шартты жасау барысында Тараптар Қатысушыға 1 000 000 (бір миллион) теңгеден астам алдын-ала төлемді төлеу жөнінде шешім қабылдаса, Қатысушы Жоба жетекшісінің шешіміне қарай төмендегі тәсілдердің біреуімен алдын-ала төлемнің толық сомасына міндеттердің орындалуының қамтамасыз етуін беруі тиіс:

- алдын-ала төлем сомасына Қазақстандық екінші деңгейлі банкінің кепілі;

- жоғары өтімді кепілзаттық меншік.

Кепілзаттық қамтамасыз етудің (жылжымалы және/немесе жылжымайтын меншік) бағасы талап етілетін алдын-ала төлемнің мөлшерінен 40%-ға жоғары болуы тиіс. Банк кепілін тапсыру жағдайында, қамтамасыз етудің бағасы алдын-ала төлемнің мөлшеріне тең болуы тиіс. Келісім-шарт бойынша алдын-ала төлем мөлшеріне қатысты міндеттерді қамтамасыз етудің, соның ішінде банк кепілінің жарамдылық мерзімі ҚЖЖ орындау, қызметтерді көрсету мерзімінен аз болмауы тиіс. Алдын-ала төлемді төлеу орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жұмыстарды орындаудың бүкіл мерзімі ішінде тең үйлесімді негізде жүзеге асырылады. Қол қоюдан бұрын банк кепілінің мәтіні Қатысушы және Дивизион арасында келісілуі тиіс. Кепілзат ретінде Холдинг компанияларының несиелік берешегі берілуі мүмкін, мұндай жағдайда оның төлемі алдын-ала төлемді игеру мерзіміне тоқтатылады.

6. Тендердің басталуына дейін барлық Қатысушыларға тендерді өткізу бойынша ережелермен және қатысушылардың құқықтарымен танысу үшін берілген Жадынаманың көшірмесі беріледі. Тендерге Қатысушы сәйкес актіде Жадынамамен танысып алғанын растау үшін компания атауларына қарама-қарсы өз қолын қойып, толық атын жазады. 

7. Тендерге қатысушы-компаниялардың бірінші жетекшілері немесе сенімхат негізінде тендерге қатысу үшін өкілеттікке ие өкілдер қатысады. Сауда-саттықтың басталуына дейін Тендерлік комиссиясының төрағасы немесе хатшысы қатысушы-компаниялардың атауларын және олардың өкілдерін жариялайды.

8. Егер ең төмен бағаны ұсынған Қатысушы кеш келсе немесе тендерге келе алмаса, бірақ Тендерлік комиссиясының мүшелерін ол жөнінде алдын-ала ескертсе, Тендерлік комиссиясының Төрағасы тендер жеңімпазын анықтау барысында оның ұсынысын есепке алуға құқылы. Мұндай жағдайда осындай Қатысушының қатысуы телефон қоңырауы немесе басқа байланыс түрі арқылы қамтамасыздандырылуы мүмкін. 

9. Тендер Қатысушыларының арасында тендерге қарай дайындау мақсатында жұмыс көлемін есептеу, тендерді өткізу күні мен уақыты жөнінде уақытылы ескертуге қатысты барлық қажетті құжаттаманы алу жөнінде сауалнама өткізіледі. 

10. Қатысушылардың қайсысы ҚҚС төлеушілері екені нақтыланады.

11. Әр Қатысушының келесі сұрақтар бойынша ұсыныстары оқылады:

·      материалдар мен жабдықтың жасаушы мемлекеттің аталуы, олардың сапалық және сандық сипаттамалары;

·       жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету мерзімдері;

·       материалдар мен жабдықтың бағасынан немесе материалдар, жабдық және жұмыстар/қызметтердің бағасынан талап етілетін алдын-ала төлемнің мөлшері (егер берілген тендер үшін алдын-ала төлемді төлеу мүмкін болса), алдын-ала төлемді төлемей, жұмыстарды/қызметтерді орындау/жеткізу мүмкіндігі;

·       орындалған жұмыстар/қызметтерге, материалдарға және жабдыққа кепілдік мерзім;

·       жеке меншік немесе жалға алынған техниканың және механизмдердің бар болуы;

·       білікті жұмыс күшінің және мамандардың бар болуы;

·       алдын-ала төлемді қайтаруды қамтамасыз етуді беру мүмкіндігі.

12. Екі ең төмен сомалар жарияланады, кейін Қатысушы:

·       жарияланған сомасы өзгертусіз қалдыруға;

·       басында жарияланған бағаны өз қарауына қарай кез-келген сомаға түзетуге;

·       сауда-саттық барысында бағаны төмендетуге құқылы.

Сауда-саттықтың минималды қадамы:

a) топтама сомасы 7 млн теңгеге дейін болса – минималды қадам 200 000 теңгеге тең;

b) топтама сомасы 7 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін болса – минималды қадам 300 000 теңгеге тең;

c) топтама сомасы 30 млн теңгеден жоғары болса – минималды қадам 500 000 теңгеге тең.

Сауда-саттық қадамы ең төмен жарияланған баға негізінде анықталады. Көрсетілген тендер қадамдарды минималды болып табылады және тендер Қатысушылары бастапқы жарияланған бағаны одан жоғары сомалармен азайтуға құқылы. Тендер Қатысушылары тендердің минималды қадамын өзгерту үшін дауыс беруге құқылы.

13. Бастапқы жарияланған бағаны өзгерту жөнінде шешімді қабылдау үшін тендер Қатысушыларына қажетті есептерді жасау, қажетті сұрақтарды қоюға, шығып, телефон қоңырауларын жасау үшін уақыт беріледі. Қажетті жағдайда тендер Қатысушыларына қалам, қарындаш, қағаз және калькулятор беріледі.

14. Тендерлік комиссиясының Төрағасымен орнатылған уақыт аяқталған соң әр Қатысушы бастапқы жарияланған бағаны сақтау немесе өзгерту жөнінде шешімді жариялауға міндетті. Егер Қатысушылардың біреуі минималды бағаны жарияласа, ал басқалары оны азайтуға тілек білдірсе, сауда-саттық тендер Қатысушыларының біреуі ең төмен бағаны жарияламағанша, жалғастырылады.

15. Егер бастапқы жарияланған баға Тапсырыс берушінің сметалық бағасынан айтарлықтай жоғары болса, тендер жарамсыз деп табылады. 

16. Егер бастапқы жарияланған баға Тапсырыс берушінің сметалық бағасынан және тендер Қатысушыларының басқа ұсыныстарынан айтарлықтай төмен болса, Тендерлік комиссиясының Төрағасы мұндай Қатысушыны тендер жеңімпазы ретінде танудан бас тартуға құқылы. 

17. Барлық Қатысушыларға тендердің соңына дейін қатысу ұсынылады, себебі басқа қатысушылар тендердің соңғы минуттарында жарияланған бағаларды өзгертуі мүмкін. 

18. Сауда-саттық барысында Қатысушылар тендерді өткізуге, тендер пәні, көлемдер, мерзімдер, қолданылатын материалдар мен жабдыққа, ҚЖЖ бағасына, кепілзатқа және т.б. қатысты сұрақтарды қоюға құқылы. 

19. Тендер жеңімпазы Жадынаманың 11-бөлімінде көрсетілген белгілердің негізінде анықталады. Мұндай жағдайда Қатысушының минималды жарияланған сомасы тендер жеңімпазын анықтау үшін негіздеме болып саналмайды. Сонымен қатар Тендерлік комиссиясы жеңімпазды таңдау жөнінде шешім қабылдағанда, Жабдықтаушының BI Group Холдингінің тендерлерінде, соның ішінде шағын көлемдермен, жүйелі түрде қатысуын есепке алуға құқылы.  

20. Сатып алулар жөнінде келісім-шарт тендер жеңімпазымен сатып алулардың нәтижелері анықталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күндері ішінде жасалуы тиіс. Тендер нәтижелерін жариялағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күндері ішінде жеңімпаз кепілзаттық қамтамасыз етуді немесе банк кепілін тапсырып, кепіл шартына қол қоюға міндетті. Егер жеңімпаз орнатылған мерзім ішінде мердігерлік/жеткізу/кепіл шартына Дивизионның кесірінен емес қолын қоймаса, Дивизион жұмыстарды орындау үшін және келісім-шартқа қол қою үшін резервтік жеңімпазды тартуға құқылы. Егер тендерді өткізгеннен кейін жеңімпаз BI Group Development Холдингінің Бірыңғай сатып алуларға алақол қатысушыларының тізіліміне енгізілген болса, Дивизион онымен келісім-шартты жасаудан бас тартып, оны біржақты тоқтатып, резервтік жеңімпазды тартуға құқылы. Егер жеңімпаз келісім-шартты жасаудан бас тартса немесе міндеттерін тиісті түрде орындамаса, мұндай келісім-шарт екінші орынға ие болған резервтік жеңімпазбен жасалынады. Егер жеңімпаздар келісім-шартты жасаудан бас тартса немесе міндеттерін тиісті түрде орындамаса, олар  BI Group Development Холдингінің Бірыңғай сатып алуларға алақол қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.

21. Басты және резервтік жеңімпаздардың есімдері 24 сағат ішінде Қатысушылардың бірінші жетекшілерінің немесе тендерге қатысқан өкілдерінің телефон нөмірлеріне SMS-хабарлама жіберу арқылы жарияланады. Ерекше жағдайларда тендер нәтижелерін жариялау Дивизионның Бас директорымен 3 (үш) жұмыс күндеріне ұзартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда тендер Қатысушыларына сәйкес SMS-хабарлама тендер жеңімпаздарының есімдерін жіберуге орнатылған мерзімнен кеш емес жіберіледі. 

22. Тендер нәтижелерін жариялағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күндері өткеннен кейін тендер Қатысушылары хаттамадан үзіндіні алуға құқылы. Хаттамадан үзінді Дивизионның Әкімшілік сұрақтар бойынша бас директорының орынбасарымен беріледі (ол болмаса, Заң бөлімдерінің басшысымен). 

23. Тендер нәтижелерін жариялағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күндері ішінде тендер хаттамасы BI Group Development Холдингінің 1С Құжатайналымы жүйесінде орналастырылады және BI Group Development Холдингінің Корпоративтік орталығының жетекшілерінің, коммерциялық бөлімнің және экономикалық қауіпсіздік қызметінің шолуы үшін қолжетімді болады.

24. Тендер нәтижелерін жариялағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күндері ішінде жеңімпаз тендеп барысында жарияланған бағаға сәйкес өзгертілген және Жоба жетекшісімен келісілген сметалық есепті беруі тиіс. Кейін Жоба жетекшісі 2 (екі) жұмыс күндері ішінде сметалық есепті келісуге немесе тендер жеңімпазына келісуден дәлелді бас тартуды беруге міндетті.

25. Егер тендерді өткізгеннен кейін жеңімпаз BI Group Development Холдингінің Бірыңғай сатып алуларға алақол қатысушыларының тізіліміне енгізілген болса, Дивизион онымен келісім-шартты жасаудан бас тартуға құқылы, ал жеңімпаз келісім-шартты жасасса, Дивизион оны біржақты түрле тоқтатып, резервтік жеңімпазды тартуға құқылы. 

26. Егер тендер құрамын айтарлықтай толықтыратын немесе оны өткізуге кедергі жасайтын жағдайлар орнатылса, Тендерлік комиссиясының Төрағасы сауда-саттықтың уақытын өзгертіп, басқа күнге ауыстыруға құқылы.  

27. Қатысу тәртібі және тендерді өткізуге қатысты қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда, Қатысушы Дивизионның Тендерлік комиссиясының хатшысына жолыға алады.

28. Тендер нәтижелерімен келіспеушіліктер немесе тендерді өткізу рәсіміне қатысты ескертулер немесе ұсыныстар туындаға жағдайда, Қатысушы 14 (он төрт) күн ішінде Дивизионның Бас директорына жолыға алады.