ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

BI City B блогында ашық есік күні өтті.

12.06.2017

Кейбір елордалық тұрғындар көптен күткен EXPO 2017 көрмесімен қатар, тұрғызылып жатырған BI City тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерін де көріп қайтты. BI Group компаниясында қалыптасқан жақсы дәстүр бар – тұрғын үй құрылысы кезінде тұрғындар үшін ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні әдетте үйдің бірнеше қабаттары тұрғызылғанда және әрлеу жұмыстары басталмас бұрын өткізіледі. 

 
BI City B блогының тапсырылуына жарты жыл қалды. Үйді мерзімінде тапсыру үшін, құрылысшылар қызу еңбек үстінде. Бұл жайында толығырақ жоба жетекшісі Сәкен Кулбаев айтып берді:
- Үйді жоспарланғандай 2017 жылдың қараша айында тапсырамыз. Түнгі уақытта құрылыс материалдарын объектіге жеткізу бойынша кейбір мәселелер бар, дегенмен бұл біздің жұмыс кестемізге еш кедергі болмайды.
Сәкен Шоханович үшін бұл – бірінші жоба емес. Бұрын ол «Парижский квартал», BI City F және G блоктарының құрылысына жетекшілік етті. Сондықтан бұл объектінің де уақытында тапсырылып, сапалы және әдемі болатынына зор сеніммен қарауға болады!
Жоба жетекшісі құрылыстың қазіргі кезеңі туралы айтып берді:
- B блогы – бұл 165 пәтерлі 12-қабатты ғимарат, қазір үйдің 10-қабатына дейін қабырғасы қаланды. Электромонтаждық жұмыстар басталды, жылыту жүйесін жүргізіп жатырмыз. Бүгін клиенттер пәтерлерінің жоспарлауын көреді, қандай да бір ұсыныстары, ескертулері болса тыңдаймыз, қаласа қайта жоспарлауға өтініш білдіре алады. 


BI City аумағы құрылыстың бірнеше кезеңдеріне бөлінген, олардың әрқайсысында әлем астаналарының атауы бар тұрғын-үй кешендері болады. BI City-дағы алғашқы астана – азиялық мегаполис Сеул қаласы болады. «Сеул» тұрғын-үй кешені орта қабатты бөлек орналасатын 8 үйді, коммерциялық орындарды, кешен тұрғындарына далаға шықпастан үйге кіру мүмкіндігін беретін жерасты паркингін қамтиды.
Бұл кешенде сәулет, инженерліктің және жоспарлаудың ең үздік шешімдері қолданылған. BI City – бұл тек шаршы метрлер ғана емес, бұл өмір стилін таңдау. Ыңғайлылық пен стильдің, динамика мен тыныштықтың, дамыған инфрақұрылым мен жайлылықтың үйлесімі BI City-ді жайлы өмір үшін бірден-бір жерге айналдырады. BI City – астаналар қаласы!



Возврат к списку