ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

"Зеленый квартал" кешені ЭКСПО 2017 объектілерінің бірі

09.06.2017

2017 жылы 7-маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы қарсаңында «Зеленый квартал» көп функционалды кешенінің жаңа бизнес-орталығында баспасөз конференциясы өтті. Конференция шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, BI Group арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және бірінші отандық электр автобустардың тұсау кесері өткізілді.


Меморандумға сәйкес «Зеленый квартал» объектісін ЭКСПО-2017 бару пунктерінің бірі ретінде енгізу туралы шешім қабылданды.

«Зеленый квартал» кешенінің «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және BI Group құрылыс компаниясы арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мемлекет басшысының бастамасымен салынғанын атап өткен жөн.

«Зеленый квартал» кешенінің негізгі идеясы Астана қаласының ауа райы жағдайларын ескере отырып, экологиялық тұрақты қала ауданын салу болып табылады. Тұжырымдаманы әлемдегі 10 үздік сәулет-жобалық компаниялар тобына кіретін AEDAS компаниясы ұсынды.



«Зеленый квартал» - LEED Campus Group сертификаттауынан өткен ТМД-дағы бірінші кешен. Оның бірегейлігі – сертификаттан бір ғана тұрғын үй емес, түгел кешеннің өткендігінде. Ал бұл кешеннің негізгі идеясы Астананың қатал ауа райына негізделе отырып, экологиялық таза аудандан салу. Бұл кешенді салуға әлемдегі үздік 10 сәулет-жобалаушы құрылыс компаниялар тобына кіретін AEDAS компаниясы ұсынды» - дейді «Зеленый квартал» жобасының жетекшісі Ерболат Мукашев.



ЭКСПО кезеңі ішінде бірінші отандық электр автобустармен «Зеленый квартал» объектісіне дейін тегін бағыт ұйымдастырылады.

Электр автобустар қазақстандық инженерлер мен «Higer» әлемдік автогигантының бірлескен жобасы болып табылады. Көліктің бұл түрін жүру қашықтығынан айырылмай, ызғарлы қысқы ауа райы жағдайында пайдалануға болады. Электр автобустың құны дәстүрлі автобустармен салыстырғанда 8 есе төмен.

Электр көліктің аталған түрін пайдалану, сондай-ақ құрылыста «жасыл» технологияларды қолдану Қазақстанда экология және энергия тиімділігі қағидаттарын нақты іске асырудың айқын мысалы болып табылады.




Возврат к списку