ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

BI Group туралы

BI Group - ірі инвестициялық-құрылыс холдинг әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы. Компания 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде өз ісінің кәсіпқойы әрі сенімді серіктес ретінде абыройға ие болды. Бүгінде BI Group холдингі – құрамында құрылыстың әртүрлі саласында еңбек ететін бірнеше дивизондары бар көпсалалы компания болып табылады. Бұл тек қана тұрғын үй және коммерциялық ғимараттарды салу мен девелопмент қана емес, сонымен қатар нысандарды басқару мен пайдалану, сондай-ақ аймақтық және трансұлттық маңызға ие жолдары салу, өнеркәсіптік нысандардың құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру де.


  • Холдинг 1 миллион шаршы метрден астам құрылыс салды. Бұл - тұрғын үй кешендері, коттедждік кенттер, коммерциялық жылжымайтын мүліктер, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандар.
  • Жүздеген шақырым көлік жолдары тартылды.

Біз - біріншіміз!

Холдингте 8000 шамасында бірыңғай кәсіпкерлік корпоративтік мәдениет арқылы ұйысқан жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді.

Рахымбаев Айдын

BI Group басшысы

Исабаев Бауыржан

BI Group Construction Холдингінің Басқарма төрағасы

Омаров Асхат

BI Group Development серіктесі

Компания корпоративтік басқарудың үздік әлемдік үлгілерін бағдарға алып, қаржылық және ақпараттық ашықтықтың, бизнесті жүргізудің этикалық принциптерінің, ұжымдағы біртұтас корпоративті рухтың халықаралық стандарттарын ұстанады.

Холдинг «Ең жақсысын таңда: үздік жоба, команда, технологиялар мен менеджмент» ұстанымы бойынша жұмыс істейді.BI Group-тың 40 астам басшылары ІӘМ бағдарламасы бойынша оқу оқыды.

BI Group холдингі өз алдына стратегиялық мақсат қойған, ол– республикада ғана емес, шетелдерде де көшбасшылық позициясын ұстанатын 100 халықаралық топ қатарына ену.

Компанияның миссиясы өзгермейді-

«Біз бақытты қалаймыз және көрсеткен сенімді бағалап, қадірлейміз».


Біздің стратегиялық мақсатымыз -

«Әлемнің құрылыс компанияларының ТОП-100 тізіміне ену».