ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

Рахымбаев Айдын Жұмаділұлы

BI Group басшысы, Директорлар кеңесінің төрағасы


1972 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. Сондай-ақ жоғары заңгерлік білімге және Іскерлік Әкімилендіру Магистрі дәрежесіне ие. 


Еңбек жолын 16 жасында құрылыс бригадасында бастаған. Әр жылдары ағаш ұстасы, тас қалаушы, сылақшы, бригадир болып жұмыс істеген. 1995 жылы курстастарымен бірлесіп «АзТЭК» трейдингілік компаниясын құрады, кейіннен бұл компания өсіп-өніп, BI Group холдингіне айналады. Компания құрылғаннан бері оның бас директоры, ал 2005 жылдан бастап - «BI Group» холдингі Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады.  


Айдын Рахымбаев сондай-ақ Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 


Рахымбаев мырза сонымен бірге қайырымдылық шараларымен айналысады. 2004 жылы BI Group холдингінің жанынан «Қамқор» корпоративтік қоры ашылды. Кейіннен атауы «Жұлдызай» болып өзгерген бұл қордың негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі балаларға, жетім балаларға материалдық және басқалай көмектер көрсету болды.  


Үйленген, төрт бала өсіріп отыр. 


Әуес істері: 


«Дакар 2008, 2013 ж. » раллиінің қазақстандық құрамасының мүшесі; 


Автокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты кезеңінің қола жүлдегері; 


Қысқы трек автожарыстары бойынша ҚР Ашық кубогының жеңімпазы, 2008 ж., 


Кітап оқу, отбасылық туризм. 


Наградалары: 


-Компанияның отандық экономиканы дамытуға қосқан айтулы үлесі үшін «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды; 


- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құретіне арналған медаль – «Мәдени және гуманитарлық саладағы қайырымдылық қызметі үшін»; 


- «Құрмет» мемлекеттік ордені; 


- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы.