ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Исабаев Бауыржан Әбдірашитұлы

BI Group Construction Холдингінің Басқарма төрағасы


1972 жылы 5 қазанда туған. 1995 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. ҚР Қаржы академиясының түлегі. Іскерлік Әкімилендіру Магистрі дәрежесі бар.


Еңбек жолын 17 жасында құрылыс бригадасында бастаған, кейін Ақмола облысы Целигорад ауданы М.Мәметова атындағы совхозда комбайншы болып еңбек еткен. 90-шы жылдардың ортасында курстастарымен бірге BI Group холдингінің негізін қалаған, өндірістік бағыттағы жұмыстарға жетекшілік еткен. 2007 жылы «Build Investment Group» холдингі Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. 2006 және 2007 жылдары №17 округ бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған.


Үйленген, төрт бала өсіріп отыр.


Әуес істері:

Дакар-2008 ж. және 2013 ж. раллиі қазақстандық құрамасының мүшесі;

Автоспорттан спорт шеберлігіне кандидат;

Марокко-2007 ралли-рейді бойынша әлем чемпионатының қатысушысы;

Қысқы трек автожарыстары бойынша ҚР Ашық кубогының жеңімпазы, 2008 ж.,


Наградалары:


-«Ерең еңбек үшін» мемлекеттік медалі

-«Астананың 10 жылдығы» медалімен;


-«Ұзақ жылдар бойғы еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштер, ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу бойынша үлкен және табысты еңбегі үшін» ҚР Индустрия және сауда министрлгінің Құрмет грамотасымен марапатталды