ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

КҚТҚ-Астана дивизионы

Дивизион туралы

Аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы, жүзеге асыру және қызмет көрсету 2012 жылдың ақпан айында құрылған Жеке тұрғын үй құрылысы дивизионының қызметінің басты бағыты болып табылады. Коттедж қалашықтары және мұндай қалашықтарда тұру күннен-күнге кең таралуда, себебі бұл тек тұру орны ғана емес, сонымен қатар тиімді инвестициялау болып табылады. Сондықтан BI Group Холдингінің көпқабатты тұрғын үй құрылысы нарығында және жеке тұрғын үй құрылысы сегментіндегі белсенді ұстанымы қисынды әрі негізді.

Жеке тұрғын үй құрылысы дивизионы Астананың сол жағалауында инфрақұрылымы дамыған қала сыртындағы тұрудың жаңа бағыттарын ұсынады. Қазіргі таңда 100 000 шаршы метрден астам тұрғын үйлер салынды.

Дивизион қызметінің тағы бір бағыты – ойын-сауық орталықтарын салу. Өте қысқа мерзімде салынған «Astana Music Hall» мейрамханасы – Астананың сол жағалауының көзге көрінерлік жеріне айналған қызықты әрі жарқын жоба.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Жеке тұрғын үй құрылысы дивизионы екі жеке дивизионға бөлінді, олар: ЖТҚ дивизионы және АҮҚ дивизионы. Үлкен жұмыс көлемі және қала сыртындағы тұрғын үйлерге деген жоғары сұраныс екі дивизионға коттедж қалашықтарының құрылысын тиімді жолда жүргізуге мүмкіндік береді.



Топ

Дивизионның басшылығы:

Development КҚТК-Астана Дивизионының бас директоры - Ентыбаев Естай Ануарбекұлы;

Development КҚТК-Астана Дивизионының қаржы директорының м.а. - Жакупова Нургуль Токтарқызы

"BI Village Comfort" 3-ші кезек, "BI Village DeLuxe" 3-ші кезек жобасының жетекшісі - Кудабаев Марат Еркенұлы;

«Камал» 1ші кезек жобасының жетекшісі- Касенов Ермек Ерғазыұлы;

«Арнау» ТК 2-ші және 4-ші , 9-ші - 10  кезектер жоба жетекшісінің м.а. - Аюпов Абусаид Абдрахманұлы

«Камал» 2-ші , 3-ші  кезек жобасының жетекшісі-  Куанышпаев Кайрат Шектыбаевич;

 Қарасу Қабылдау үйі жоба жетекшісі - Бегалин Ерлан Боранбайұлы


Жобалар

АҮҚ дивизионы премиум- және бизнес-класс жобаларын ұсынады, олар BI Village Deluxe және BI Village Comfort коттедж қалашықтары, сонымен қатар BI Town клуб типті аз қабатты тұрғын кешені.

BI Village– бұл үйлердің жоғары сапасы және дамыған инфрақұрылым; ыңғайлылық және жайлылықтың қалалық деңгейінің қала сыртындағы үй артықшылықтарымен үйлесімділігі: таза ауа, табиғат, үй іргесіндегі телі, т.б.; орталықтандырылған күзет және тұрғындардың тең құрамы жоғары жайлылық деңгейімен қамтамасыздандырады.

BI Village тұрғын алқабының бірінші коттедж қалашығы «Алмалы» деп аталынды, ол 93 коттедждерден тұрады. Екінші кезегі екі бөліктен тұрады BI Village Comfort және BI Village Deluxe.

Тұрғын алқабының аумағы бойымен әдемі шамдармен, орындықтармен және жас көшеттермен безендірілген, ұзындығы 4,5 км-ге тең Green Line саяжолы өтеді.

 BI Village коттедж алқабының аумағында балаларға арналған ойын алаңдары көзделген. Сонымен қатар баскетбол және волейбол алаңдары, тұрақ, мейрамханалар, кафелер және супермаркет салынады. Екінші кезекте бала-бақша және мектепті салу жоспарланған.

BI Town өз кезегінде Астананың сол жағалауында тыныш әрі экологиялық таза жерде орналасқан клуб типті жеке резиденция болып табылады. 4-5 қабаттардан тұратын жаңа аз қабатты тұрғын үй кешені – жайлы өмірдің үздік үлгісі.


Байланыс ақпараты:

Астана қ., Есіл ауданы, Е235, 7. Тел. 8 (7172) 68-56-77