ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
+ 7

Бұл - бақыт мекені!

Астана:

+7 (7172) 360 360


Алматы:

+7 (727) 33-150-33


Москва:

+7 (495) 785-11-15


3 миллион шаршы метр салынды

«Астана көпқабатты тұрғын үй кешені» дивизионы


Дивизион туралы

ЖТҚ-Астана Девелопмент дивизионы Family Village және Garden Village коттедж қалашықтары қала сыртындағы жылжымайтын мүліктің демократиялық жобаларын ұсынады.


Дуплекстер, квадрохаустар, сплитхауст, бір үй иесіне арналған коттеджер – таңдау клиенттердің талғамдарына ғана тәуелді.


2013 жылы Family Village аясында ЖТҚ Дивизионының жарқын жобаларының бірі Холдингтің 18-жылдығына орай жүзеге асырылған және қоғам ішінде үлкен қызығушылықты тудырған «Коттеджді 18 күн ішінде салу» жобасы болған. ЖТҚ тобы үйдің құрылысын орнатылған мерзімнен бұрын 16 күн және 20 сағат ішінде бітірді, осылайша Дивизион өзінің жоғары кәсіптілігін тағы да бекітті.

Топ


Жеке құрылыс-Астана Дивизионының тобында қала сыртында үйлерді салу саласында тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. 

Олар өз істерін жақсы білетін мамандар болғандықтан, құрылыс барысында пайда болатын кез-келген жағдайларға қарамастан, жұмыстарды жылдам және нақты, ешқандай іркіліссіз жүргізеді. Барлық қызметкерлер саны – 300-е жуық адам.


Дивизионның басқармасы:


«ЖТҚ-Астана» дивизионының бас директоры – Исмагулов Алмат Болатұлы;

ЖТҚ-Астана Development дивизионының қаржы директоры – Раимкулова Гаухар Досмұханқызы;

ЖТҚ-Астана Development дивизионының HR-директоры – Ошаганова Махаббат Серікқызы;

«EXPO Boulevard-1,4,5» ТК жоба жетекшісі - Белобров Игорь Владимирович;

«EXPO Boulevard-3,6» ТК жоба жетекшісінің м.а. – Қабылқас Арман Нуриденұлы;

«Garden Village-1-ші сектор» коттедж қалашығы, «Арман Қала -7-ші кезек» ТК (Паркинг) жоба жетекшісінің м.а. – Ташенов Серікбай Тұрсынбайұлы;

«EXPO Residence» (E,F орамы) ТК жоба жетекшісі – Корпитанов Марат Серікбайұлы;

«EXPO Residence» (D орамы) ТК жоба жетекшісі – Лесбеков Арман Туребекұлы.


Жобалар

Family Village коттедж қалашығы – коммерциялық бөлікті әлеуметтік сұрақтардың шешімімен үйлестіретін комфорт класс жобасы. Family Village қалашығын жобалаудың басты ерекшелігі сәтті әрі бақытты өмірді қамтамасыз ету: жеке мектеп және бала-бақша, спорт және ойын алаңдары, саябақтар, саяжолдар, дүкендер және кафелер.

Garden Village коттедж қалашығы - классикалық Англия стиліндегі дәстүрлі коттедждерден тұратын заманауи коттедж қалашығы. Қалашықтың орналасуы – оның басты артықшылығы. Garden Village коттедж қалашығы астананың сол жағалауының көркем ауданында Қарқаралы тас жолының бойымен, Нұра-Есіл су күре жолының жанында орналасқан. Қалашықтың табиғи рекреациялық аймағына да астананың «жасыл белі» кіреді, мұнда отырғызылған қайың, тал, үйеңкі, қараған, алма және мойыл ағаштары аймақтың екі мың гектарға тең ауданын алады. Жоба авторларының айтуынша, табиғаттың өзі Garden Village қалашығының құрылысына жігерлендірді. Жобаның басты жоспары да беде жапырағының пішінінде орындалған. Сондықтан жоба тұсаукесерінде қалашықтың жанында орналасқан орманға қырғауылдарды жіберудің өзіндік мәні болды; бұл - Garden Village қалашығының табиғатпен үндестігінің бейнесі. Келешекте салушы алқапқа тек құстарды ғана емес, сонымен қатар жануарларды, мысалға, еліктерді және тиіндерді жіберуді жоспарлайды.

Қалашықтың инфрақұрылымы да жақсы жетілдірілген. Қалашықтың аумағында саябақтар, саяжолдар, велосипедпен жүру жолдары, фитнес орталықтар, кафе, мейрамханалар, спорт алаңдары және балаларға арналған алаңдар, сонымен қатар жеке мектеп және бала-бақшалар көзделген. Garden Village қалашығының басқа артықшылықтары – орталық коммуникациялар, қауіпсіздік және жоғары қызмет көрсету деңгейі.

Байланыс ақпараты

Астана қ., Қорғалжың тасжолы, 19, «Қорғалжың» БО


тел.: +7 (7172) 507-877